Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде
Атырау облысының Таңдай ауылында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Politic Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, желіде Махамбет ауданы Таңдай ауылында мұғалім болып жұмыс істейтін әйелдің былтыр жазда туысын өлтіргені туралы ақпарат тарады. Ол мәйітті қорада сақтаған.
«Көршілері үйге, аулаға, үй иесіне сіңіп қалған жағымсыз иістен күдіктенген. Полиция қызметкерлері әйелді мәйітті бөлшектеп, үлкен сөмкеге салып қойған кезде ұстады», - деп жазды басылым.
Атырау облысының полиция департаменті Махамбет ауданында ер адамның мәйіті табылғанын растады. Алайда әлеуметтік желіде жарияланған қылмыстың мән-жайы туралы нақты ешнәрсе айтпады.
«Махамбет ауданы Таңдай ауылында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деді полиция.