Жаңа ереже 2 аптаға созылады
Норвегия Үкіметі 29 қаңтар, жұма күнінен бастап шекараны жабу туралы шешім қабылдады. Елден тек аса маңызды себеп болса ғана ғана шығуға болады. Бұл туралы Politic ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Іс жүзінде шекара Норвегияда тұрмайтындардың барлығына жабық болады», - деді елдің премьер-министрі Эрна Сульберг.
Ол маңызды тауарлар мен қызметтер Норвегияға әлі де жеткізілетінін түсіндірді. Жаңа ережелер «келесі аптада көптеген еңбек мигранттары елге келе алмайды» дегенді білдіреді. Бұл тәртіп екі аптаға созылады.
Норвегияда коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 279 адамға артып, 61 594-ке жетті. Елде пандемия кезінде инфекциядан 550 науқас қайтыс болды.
3 млн-нан аса адам коронавирусты анықтайтын тест тапсырды.