«AMANAT» партиясы үгіт-насихат жұмыстарымен Ертіс ауданына барды

22.02.2023, 13:33

Үміткерлер тұрғын үймен қамтамасыз ету өңір халқы көтеретін ең өзекті мәселелердің бірі болып қала беретінін мойындады

«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалынан депутаттыққа кандидаттар Ертарғын Шахман, Сайлау Уразбаев, Қанат Ибрагимовтың сенімді өкілі мен аудандық  мәслихатқа кандидаттар сайлауалды үгіт насихатпен Ертіс ауданына барды.

Үміткерлер Ағашорын ауылындағы «Нива» мен «Данат» шаруа қожалықтарының жұмыскерлерімен кездесті. Ауыл тұрғындарын мектепті жөндеу, қазандықтарды жақсарту мен жайылымдардың жетіспеушілігінің мәселелері толғандырады.

Депутаттыққа кандидат Ертарғын Шахман Ағашорын ауылының тұрғындарына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

«Ауылдық жерлерде облыс халқының шамамен 27% - ы тұрады. Біздің күш-жігеріміз облыстың ауыл шаруашылығы секторын қолдауға және дамытуға, ауыл қызметкерлерінің табысын одан әрі арттыруға бағытталатын болады», - деді кандидат.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидиялау көлемін 1,5 есеге, жоғары сапалы тұқым сатып алуға – 1,2 есеге, минералды тыңайтқыштар сатып алуға – 1,4 есеге ұлғайту жөнінде шаралар қолданатын болады.

Ол ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін өткізу үшін, оның ішінде облыс орталығында және аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу арқылы мүмкіндіктерді кеңейтуге жәрдем көрсетуге ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар, «АMANAT» партиясынан кандидаттар Ертіс аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесіп, әңгімелесті.

Денсаулық сақтау саласының мамандары тұрғын үй мен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінетін қаражаттың аздығын айтты.

Үміткерлер тұрғын үймен қамтамасыз ету өңір халқы көтеретін ең өзекті мәселелердің бірі болып қала беретінін мойындады.

Бүгінде біздің облыста тұрғын үй алуға кезекте 1,7 мыңнан астам көпбалалы және 16,1 мың әлеуметтік осал отбасы тұр, — дейді Сайлау Уразбаев. — «AMANAT» партиясы өз баспанасы туралы арманның қол жеткізуге болатын шындыққа айналуына мүмкіндік жасайды.

Партияның өңірлік филиалының қоғамдық қабылдауларына келіп түскен өтініштерді талдауға сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері өңірдің ең өзекті мәселелерінің біріне кіреді. Бұл ретте өтініш берушілердің басым бөлігі ауылдық аймақтың тұрғындары болып табылады.

Бүгінгі таңда облыста 320 мемлекеттік медициналық нысан және 82 жеке медициналық ұйым жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 9 денсаулық сақтау нысаны жалға берілетін және бейімделген үй-жайларда орналастырылған, медициналық ұйымдардың тозуы – 54,9%, сондай-ақ өңір бойынша 161 дәрігер тапшылығы бар.   

«AMANAT» партиясы әрбір азамат тұрғылықты жеріне және материалдық жағдайына қарамастан қажетті кәсіби медициналық көмекті уақтылы алуы тиіс деп есептейді.

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

*Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.

Теги: