Павлодар облысында кандидаттар бастауыш партия ұйымдарымен кездесті

01.03.2023, 10:58

Бүгін өңірлік сайлауалды штабының басшысы, "AMANAT" партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко өңірдің бастауыш партия ұйымдарын алғыс айту күнімен құттықтады.

Кездесуге партиялықтар аймақтың түкпір-түкпірінен келді. 

- Партия-бұл адамдарды идеологиялық наным бойынша жинаған қоғамдық бірлестік болып табылады. Біздің ұранымыз – нар тәуекел! Жақында ребрендингтен өткен және өз қатарларын 70 пайызға жаңартқан партиямыз. Сайлауалды бағдарламамыз біздің құндылықтарымызды, басымдықтарымыз бен қағидаттарымызды көрсетеді, - деді Илья Теренченко.

ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Жарқынбек Амантай партиялықтарды көктемнің тамаша мерекесімен құттықтап, өзінің сайлауалды бағдарламасы мен алдына қойған мақсаттары туралы айтып берді.

Павлодар облысында БПҰ саны - 213, жалпы саны 48 мыңға жуық партиялықтар.

Өңірдегі ең ірі БПҰ қатарына - "Қазақстан алюминийі" АҚ, "Ақсу фероқорытпа зауыты" АҚ, "Богатырь" ЖШС, "ЕЭК разрез "Восточный" АҚ, Еуроазиялық энергетикалық корпорация АҚ, "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ, ГРЭС-1 ЖШС, "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ және "Трамвай басқармасы АҚ" кіреді.

Аккулы ауданының "AMANAT" партиясы филиалының басшысы Гүлжаһан Жумабекованың айтуынша, партияда мүшесі болғанына 17 жыл болды.

— Осы уақытта атындағы еш бір өкінбедім.  Ауылда тұрғандықтан, ауылдың мәселелерін жерге қалдырмайтын AMANAT партиясына дауыс беруге шақырамын, — дейді Гүлжаһан Жумабекова.

2022 жылы партия төрағасы Е. Ж. Қошановтың тапсырмасы бойынша партиялық жобаларды және іс-шараларды өткізуге арналған қаржы қаражатының 20% - ы қайтарылды.

"AMANAT" БПҰ-ның жұмысына ерекше көңіл бөледі. Бастауыш партия ұйымдары – кез келген партияның іргетасы болып табылады. Өткен жылдың басында партия ребрендингтен өткен соң, оның жұмысына көптеген өзгерістер енгізілді. Солардың бірі – келіп түскен партиялық жарналардың 20 пайызын бастауыш партиялық ұйымдарына қайтарылады. БПҰ-ларға қайтарылған қаражат партиялық іс-шаралар мен жобаларға бағытталатын болады.

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

*Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.

Теги: