«AMANAT» партиясының сайлауалды үгіт-насихат кезеңі аясында облыстың барлық қала, аудан және ауылдарында тұратын барлық санаттағы азаматтармен кездесулер өткізіліп, партияның «Халықпен бірге» бағдарламасы түсіндірілуде.
Кандидаттар Павлодар қаласы тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізіп, пікір алмасып, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Облыстық мәслихат депутатына үміткер Жанбол Жилбаев, Олег Костенко, Ирина Чидунчи, Салтанат Шабажанова, Серік Сәдуақасов, Жамила Эрназарова облыс орталығында бірнеше мекемеге барып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Кандидаттар алдымен жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз азаматтармен кездесіп, пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Партияның сайлауалды бағдарламасында жұмыссыздықты жою мәселесі бойынша нақты жоспарлар қойылған. Яғни, осы мақсатта жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы толыққанды еңбек тиімділігінің орталығы ретінде күшейе түседі. Өңірлерде әкімдіктер жұмыссыздармен және өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен тікелей жұмыс істеу үшін мобильді топтар құрады.
Екінші кездесу Павлодар қаласындағы «Колос» мәдени-сауық орталығында болды. Оған білім-ғылым қызметкерлері қатысып, елдегі білім саласын дамытуға қатысты өз ойларымен бөлісті. «AMANAT» партиясы білім беру жүйесін дамытуға да ден қойып отыр. Келешекте 180 колледждің шеберханасы мен зертханасын толықтай заманауи жабдықпен жаңғыртып, білікті кадрмен толықтыру, білім беру бағдарламаларын толығымен қайта жасақтап, 20 өңірлік жоғары оқу орнын қайта түлету көзделген.
-«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім беру саласын жетілдіруге қатысты көптеген мәселелер көтеріліп, ұысынстар енгізілген. Республика бойынша жеке бағдарлама, облыс бойынша жеке бағдарлама әзірленген. Атап айтқанда, мемлекеттік меншіктегі жоғары оқу орны, колледж, мектеп, балабақша, оқушылар сарайы жекешелендірілмейді; 500 мың педагогтің жалақысы ел экономикасының дамуымен қатар өсе береді; балабақша педагогі, білім беру ұйымының басшысы мен мектеп кітапханашылары үшін еңбекақы төлеудегі теңсіздіктер жойылады; алдағы бес жылда біз кемінде 1,2 миллион ыңғайлы оқушы орнын құруға қол жеткізу, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін шешу сынды мәселелер көтерілген, - деді Салтанат Шабажанова.
Сонымен қатар, Altyn business park-те кәсіпкерлермен кездесу болды. Мұнда Жаңа Қазақстанды құру идеясына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, кәсіпкерлікті қолдауға қатысты өздерінің пікірін білдірді. Сондай-ақ, кандидаттар мемлекеттік сатып алу және салық жүйесіне қатысты енгізілетін өзгерістер мен жаңа ережелер туралы айтты.
-Халықтың сату және сатып алу мүмкіндігін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Мәселен, баға саясаты реттеледі. Одан бөлек кәсіпкерлер үшін жаңа ережелер мен нормалар қаратырылған. Мәселен, салық кодексінде өзгерістер болады. Сол секілді мемлекеттік сатып алу бойынша жаңа ережелер бекітіледі. Жалпы, бизнестің климатын жақсарту бойынша тиімді жобалар қарастырылған. Партияның сайлауалды бағдарламасында салық саясатын және басқа да заңнамалық актілерді қайта қарау арқылы ірі өндіруші компанияларға шикізатты елде қалдырып, толықтай өңдеуге инвестиция салудың тиімді болуын қамтамасыз ету жоспарда бар, - дейді Серік Сәдуақасов.
Белсенділер халықтың ұсыныстары мен талаптары партияның өңірлік бағдарламасына енгізіліп, жұмыс жүргізілетінін айтты.
Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
*Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.