Танымал тележүргізуші Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімдерімен Юсуп Хасанович Келигов және Шерзод Аббозович Пулатов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Олардың орнына Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды
Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 12 жасында жергілікті «Пульс времени» газетінде тілші болған.
2019 жылы 24 сәуірде «Kazakh TV» арнасына басшы болып тағайындалды.