Беларусь республикасында наразылық акциялары әлі жалғасуда
Александр Лукашенко Беларусь республикасы тұрғындарына үндеу жасады. «Президентке көңілі толмаған адам жаңа басшыны тек әділ сайлау арқылы тағайындай алады, басқа жол жоқ», деді ел президенті.
«Өз халқыма және ең алдымен өзіме жау емеспін. Мен елдің бейбіт және тыныш болғанын қалаймын. Егер сізге қазіргі президент ұнамаса, онда бұл мәселені тек әділ сайлау ғана шеше алады. Тек сайлау», - деді Лукашенко.
Беларусь Sputnik-тің хабарлауынша, «Халық бірлігі жылы» туралы Жарлық қоғамды біріктіру мақсатында қабылданғаны хабарланды.
Еске салайық, 9 тамызда Беларуссияда өткен президент сайлауынан кейін, Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті. ОСК (Орталық сайлау комиссиясы) мәліметтері бойынша ол 80,1% дауыс жинады. Елде оппозицияның жаппай наразылық акциялары басталды, оны қауіпсіздік күштері арнайы құралдар мен техниканы қолдана отырып басып тастады.
Наразылық акциялары әлі де жалғасуда. Сонымен қатар республикада Лукашенко жақтастарының іс-шаралары да өтіп жатыр.