Ол бұған дейін таралған коронавирустан екі есе тез жұғады
Америкалық сарапшылар коронавирустың жаңа штаммын анықтады. Инфекцияның бұл түрі 50 % жұқпалы болуы мүмкін, себебі, ол қыс мезгілінде екі есе көп тарайды, деп хабарлайды Politic тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
«Британдық» нұсқаға қосымша коронавирустың жаңа штаммы пайда болды», - дейді мамандар.
Сондай-ақ, «америкалық» штамм 50% жұқпалы болуы мүмкін» делінген.
2020 жылдың желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда коронавирустың жұқпалы штаммы табылды. Осы күнге дейін вирустың «британдық» нұсқасы 60 елде анықталып, мыңға жуық адам жұқтырып үлгерді.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирустың жаңа штамдары мен мутацияларына оған қарсы вакциналар әсер етпеуі мүмкін деп санайды. Егер мутация агрессивті және қауіпті болса, бүкіл әлемде енгізіліп жатқан препараттармен жұмыс істеу пайдасыз болады.