Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған
10 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық аумағында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталған болатын. Қаңтарда өтетін Мәжіліс және мәслихаттардың сайлауында бес партия бақ сынайды. Солардың бірі – «Nur Otan»-нан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер жергілікті тұрғындармен кездесті.
Р.Абилова, С.Закиржанов, Б.Сарыбөпеев Чапаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ауыл тұрғыны Ж.Копбаев қалада жұмыс істейтін ауыл тұрғындардың көп болуына байланысты «Жапек батыр-Саяхат» бағытындағы маршрутты Чапаев ауылына дейін созуды ұсынды.
Кездесу санитарлық нормаларға сәйкес өтті.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек биыл Қазақстандағы әрбір өңірді аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады. Нәтижесінде, партияның сайлауалды бағдарламасы әзірленіп, оған проблемаларды шешу жолдары енгізілді. Бағдарлама жеті бағыттан тұрады.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді