«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбековпен сұхбат
– Сағынбек Жақсыбекұлы, Nur Otan партиясы Кентау қалалық филиалының өзінің сайлауалды бағдарламасын жасады. Мұнда қаладағы қандай мәселелердің шешілуіне басымдық беріліп отыр?
– Nur Otan партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, қаланы қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады.
Біздің ортақ мақсат – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру. Nur Otan партиясы Кентау қалалық филиалы сайлауалды бағдарламасында дамудың жеті басымдықтарына назар аударып отыр. Атап айтар болсақ, Экономикалық тұрақты қала, Ыңғайлы қала, Әлеуметтік қызметке бағдарланған қала, Жастарға арналған қала, Тарих пен мәдениетті дамыту, Ашық және есеп беретін жергілікті органдар, Қауіпсіз қала.
Nur Otan партиясы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады. Жастарға арналған қала, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз қала бағытында да тың жобалар мен жақсы бастамалар бар.
Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.
Партияның Кентау қалалық филиалында қанша мүше бар? Биыл партияға кірушілер қатары көбейді ме?
Жалпы Кентау қаласында 7016 партия мүшесі бар. Партия жұмысы 24 бастауыш партия ұйымы арқылы жүргізіледі. Қалалық филиал облыстық мәслихатқа 6 үміткер, қалалық мәслихатқа 35 үміткер ұсынып отыр. ҚР Парламенті Мәжілісіне де кандидат болып кентаулық азамат тіркелді.
Биылғы жылы 657 азамат партияға қабылданды. Қатарымызға қосылып отырған әрбір азаматпен қала болашағына қатысты елдік мәселелерді бірге жүзеге асырамыз деп сенемін.
– Әңгімеңізге рахмет!
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді