Іле ауданында Nur Otan өкілдері жергілікті халықтың проблемасын тыңдады

20.12.2020, 17:53

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматы облысының Іле ауданында жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Nur Otan партиясынан кандидаттар Р.Абилова, С.Закиржанов, Б.Сарыбөпеев аудандық мәдениет үйінде Чапаев ауылының тұрғындарымен кездесті.

Жиында нұротандықтар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ондағы басым бағыттар туралы сөз қозғады. Айта кету керек, аталған бағдарлама өңірлерде халықтың проблемасын шешуге бағытталған.

Кездесуге келген ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды. Мәселен, Ж.Көпбаев есімді азамат Алматыға қатынап жұмыс істейтін ауылдықтардың көп екенін айтты. Олардың басты проблемасы – қоғамдық көлік екен. Сондықтан, тұрғындар «Жапек батыр-Саяхат» бағытындағы маршрутты Чапаев ауылына дейін созу керек дейді. Нұротандықтар бұл проблеманың шешілетінін айтты.

Айта кетейік, кездесу санитарлық нормаларға сәйкес өтті.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді