Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр
Ақмола облысының Зеренді ауданында аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясы атынан үміткерлер Руслан Абдуахитов пен Қайрат Сұлтанов Бұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады.
Аудандық мәслихатқа кандидат Руслан Абдуахитов Қарлыкөл ауылындағы су құбырларының алдағы жылы жаңартылатынын айтты. Құбырлар ескіргендіктен мұнда ауыз сумен кейде проблема болып тұратын. Бұл мәселе енді шешімін таппақ. Бұл бағытқа бюджеттен 42 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.
Ал, Еленовка селосындағы ауылдық клубтың жөндеу жұмыстарына 11 миллион теңге қаражат қарастырылған. Бұл жұмыстар да алдағы жылы жүргізіледі.
Руслан Абдуахитов партияның сайлауалды бағдарламасы аясында аудан көлемінде атқарылатын жұмыстар жайында баяндады. Жоспарға сәйкес, ауыларалық жолдарды жөндеу, жергілікті халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, гранттар мен субсидиялар беру, ауылға инвестиция тарту секілді жобалар таныстырылды.
Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтанов Зеренді ауданында туризмді дамыту, қазақстандық сәбилердің демалулары мен сауығуларына қолайлы жағдайлар жасау, өз алдына қойған басқа өзекті мәселелерді атап өтті.
Кездесуге қатысушылар кандидаттарға өз мәселелерін айтты: округтің елдімекендері аралық жолдарын қалыпты ұстау мақсатында «Көкшетау Жолдары» облыстық мекемесіне беру, Еленовка дәрігерлік амбулаториясында дәріханалық пункт ашуға ықпал жасау. Кездесу барысында жаңа өртсөндіру машинасын алу және депо салу мәселесі де көтерілді.
«Біз Nur Otan партиясына дауыс береміз, өйткені осы саяси күштің нақты істерін көрудеміз, алдағы өмір ағымы да осылайша жалғасады деген ойдамыз: қазіргі таңда әр жерде жаңа нысандар пайда болды, жастардың туған жерінен кетпей, өздерінің шағын отандарында қалулары, бақытты болуы, ойдағыдай өмір сүруі үшін көркею үстіндегі ауылдарда қажетті жағдайдың бәрі жасалған. «Nur Otan» партиясынан экономиканы, тұрақтылықты, бейбітшілікті нығайту бағытында нақты қадамдар күтеміз», - деді ауылдықтар.
Ақмола облысы Зеренді ауданы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.