Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр
Ақмола облысы Зеренді ауданының орталығында Nur Otan партиясының өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу «Парус» сауықтыру орталығында өтті.
Сайлаушылармен кездесуге Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі, «Евразиялық даму банкі» басқарма төрағасының орынбасары Марат Құсайынов, Nur Otan партиясының Ақмола облыстық сайлауалды штабының мүшелері – «Ақай» сән үйінің басшысы Ғалия Алдабергенова, «Қара-өзек» ЖШС агрофирмасының директоры Нартай Искаков және «Ақмола облысының туристік ассоциациясының» ЖКҰ және ЗТ төрағасы Қайрат Сұлтанов келді.
Диалогтық алаңға қатысушыларға партияның Зеренді аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Руслан Абдуахитов кездесуге келген жастарға қаңтарда болатын сайлаудың ел болашағы үшін маңыздылығын айтып, оларды дұрыс таңдау жасауға шақырды.
«Дәл осы күні сіздер өз таңдауларыңызды жасау үшін сайлау учаскелеріне келесіздер. Сіздердің осы қадамыңызға әр тұрғынның болашағы тікелей байланысты болады», - деді Р.Абдуахитов.
Кездесудің жалғасында партияның Сайлауалды бағдарламасы жайында ҚР Мәжіліс депутаттығына кандидат Марат Құсайыновқа айтып берді. Ол әлемдегі пандемия кезінде Nur Otan партиясы халықтың жанынан табылғанын, мұқтаж жандарға қаржылай және азық-түлікпен көмектескенін және бұл қолдаулардың одан әрі де жалғаса беретінін айтты.
«Зеренді ауданында мәжбүрлі еңбек демалысындағы 3,3 мың қызметкердің әрқайсына 42,5 мың теңге төлемдер жасалды; тұрғындардың әлеуметтік-осал топтарының арасынан 2 мың адам, жалпы сомасы 38,8 миллион теңгеден асатын азық-түліктік-тұрмыстық жиынтықтар түріндегі төлемдер алды; 137 азқамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 166 сәбиге кепілді әлеуметтік пакеттер берілген. 2,4 мың адамның коммуналдық шығындары өтелген», - деді ол.
Кандидаттар қатысушылардың назарын жергілікті өзін-өзі басқару, тұрғындар алдында жауапкершілігін көтеру мақсатында ауылдық округ әкімдерін сайлауды енгізу мәселелеріне аударды. Партияның басты міндеттерінің бірі бұрынғыша, елімізде этносаралық, конфессияаралық келісімді сақтау, ұлттардың бірлігі мен өзара түсіністігін сақтау болып қала бермек.
«Барлық міндеттемелерімізді орындауға талпынамыз, оларды, әсіресе маңыздыларынан бастап, кезең-кезеңмен шешетін боламыз. Біздің партия құр уәде бермейді, алға қойған мақсаттарымыз жүзеге асырылады», - деген нық сеніммен сөзін аяқтаған М.Құсайынов қатысушыларды алдағы сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Облыстық мәслихаттың депутаты Нартай Искаков жастарға ауыл шаруашылығы саласына баруды ұсынып, бүгінде саланың өркендеу үстінде екенін, мемлекеттің аграршыларға, ауыл шаруашылығына көлемді қаражаттар салып, жәрдемақылар, жеңілдетілген несиелер бөліп жатқанын айтты.
Қатысушылар Көкшетау қалалық маслихатының депутаттығына кандидат, Іскер әйелдер ассоциясының мүшесі Ғалия Алдабергенованы қызығушылықпен тыңдады. Бизнесменнің айтуынша, ол партияның қызметін пандемия кезінде, оның тұрғындардың аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыра білуі, волонтерлік қызметті жандандыра алатыны, орын алған проблемаларды жедел шешуі негізінде ерекше бағалаған.
«Диванға жайғасып сынға алушылардың әрекеттеріне назар аударудың қажеті жоқ, жай ғана нақты жағдайға үңіле қарайық, егер Nur Otan болмаса, енді кім? Партия – бұл жеке тұлғалардан тұратын ұйым, оның мүшелері біз бен сіздер! Басқалардың бізге деген көзқарасы әрқайсымызға, атқарылған ортақ ісімізге тікелей байланысты. Ал біз партия қатарына өмір сапасын жақсарту үшін өттік», - деді Ғалия Серікқызы.
Кездесу соңында «Nur Otan» партиясының өкілдері өзінің сайлауалды бағдарламасында 7 басымдықты, атап айтқанда, экономикалық тұрақты аудан; жайлы аудан; әлеуметтік бағдарланған аудан; жастардың ауданы; тарих пен мәдениетті дамыту; ашық және есепті жергілікті органдар; қауіпсіз аудан деп айқындағаны белгілі болды. Ең басты мақсат – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, әл-ауқатын көтеруге тұрақты жағдай жасау. Орын алған ой бөлісуден кейін әр қатысушының тек «Nur Otan» партиясына дауыс береміз деген тұжырым жасағандары сөзсіз!
Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.