Тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылуда
Алматы облысының Ақсу ауданында елдегі сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Партиялар Сайлауалды бағдарламалары негізінде түрлі акциялар мен іс-шарлар өткізу жұмыстарына көшті. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалы да науқанға бел шешіп кірісіп, үгіт-насихат кезеңінің іс-шараларын бастап кетті.
Аудандағы үгіт-насихат кезеңі «Есіктен есікке» акциясымен жалғасын тапты. Акция аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен еріктілер тобы аудан тұрғындарының үй-үйін аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.
«Есіктен-есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық мәслихат депутатығына үміткерлер Берік Тынышбаев, Данияр Ахмолдаев және аудандық мәслихат депутатығына үміткер С.Ермұханбетова ауданымыздың беделді азаматтары, І.Жансүгіров ауылының ақсақалдары, білім саласында талмай еңбек еткен майталмандар, Алматы облысының, Ақсу ауданының құрметті азаматы Нұрбек Сәрсенбайұлымен Ақсу ауданының құрметті азаматтары Амантай Айтбайұлына және Партия ардагері Болат Иманқұловтың үйлерінде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Үміткерлер партияның Сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ел ішіндегі саяси оқиғалар, партияішілік праймериз, жайлы сөз қозғады. Ардагерлер нұротандықтарды жылы лебізімен қабылдап, көкейлерінде жүрген түйткілді мәселелерімен бөлісіп, ақ батасын берді.
Кандидаттар алдыңғы толқын ағаларымызға үгіт-насихат материалдарын таратып, алдағы 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ақсу ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді.