Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Ғалымжан Оңдасынов, Азизбек Азимов, Нұрсұлтан Абдуллаев, Мамирхан Юлдашев Жүйнек ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ауылдық клубта өткен кездесуде тұрғындарға сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
«Өңірдегі кез келген адамның игілігіне қажетті жұмыстар жүзеге асады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді», – деді үміткер Ғалымжан Оңдасынов.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға, әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге, көпбалалы аналардың қалаішілік автобустарда тегін жүруін қарастыруға, ауылдық округтердегі елді мекендерге қатынайтын, жолаушылар таситын автобустарды жаңарту мәселесін шешуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға дейін қала мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын күнкөрісі төмен халықтың үлесі төмендейді.
«Жол – әрбір қала өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс» – деген Нұрсұлтан Абдуллаев «Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді шешу мақсатында жұмыс жасайтындығын жеткізді.
«Жалпы 96,6 шақырымдық аудандық және қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Nur Otan» партиясы ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы аудандық маңызы бар және қалаішілік жолдар 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетіп, оларды күтіп ұстау жолға қойылады», – деді ол.
Үміткер Мамирхан Юлдашев экологиялық ахуал – қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы екендігін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 95%-ға дейін ұлғайтуға, елді мекендерде 16 полигонды экологиялық талаптарға сәйкестендіруге ықпал етеді. Нәтижесінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесі 2025 жылға қарай 95%-ға артады», – деді ол.
Кездесуде Азизбек Азимов «Nur Otan» партиясы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайтындығын жеткізді. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
Сондай-ақ, үміткерлер сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.