Энтони Блинкен жақында ант қабылдайды
АҚШ Сенаты 26 қаңтарда Энтони Блинкенді мемлекеттік хатшы лауазымына ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Politic.
Бұл шешімді қолдап 78 сенатор дауыс берген, ал 22-сі қарсы болды, деп жазады ТАСС агенттігі.
58 жастағы Энтони Блинкен таяу арада ант қабылдайды.
Блинкен 2009 – 2013 жылдары Барак Обама тұсында вице-президент болған Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған. Одан соң президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары, кейінірек мемлекеттік хатшының орынбасары болды. 2017-ші жылы ол саяси консалтингпен айналысуға кетті, одан кейін президенттікке үміткер Джо Байденнің командасындағы сыртқы саясат жөніндегі негізгі кеңесшіс міндетін атқарды.