Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Қарағанды облысында 40 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Қыз жүкті болып қалған

Қарағанды облысында 40 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында 40 жастағы ауыл тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зорлық көрген қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды Politic.

Блогер Айсұлтан Жақыпов 31 желтоқсанда полицияға шағым түсірген.

«Сол күні түскен хабарламадан кейін ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігіне сәйкес «Зорлау» фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Облыстағы Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олар қысқа мерзімде елдімекенді және оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады», - деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Сонымен қатар, алдын ала тергеу барысында кейбір фактілер расталып, полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстаған.

«Сот оған қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасын тағайындады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды», - деп толықтырды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.