15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған «Спутник V» препараты вакцинация үшін қолданылады
Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Ғиният ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Politic.
Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Вице-министрлер өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда бүгіннен, яғни 1 ақпаннан бастап ерікті түрде халыққа кезең-кезеңімен вакцина егу басталды.
Ресейде өндірілген Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға 31 қаңтарда 22 мың доза мөлшерінде жеткізілді.
Ал 15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін қолданылады.