Срочная новость Строгий выговор объявлен акиму Уральска

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«Америкалық бақылаудан» құтылу үшін смартфоннан бас тарту қажет – Лукашенко

Лукашенко қандай жағдайда биліктен кетуге дайын екенін айтты 

«Америкалық бақылаудан» құтылу үшін смартфоннан бас тарту қажет – Лукашенко
Фото: ашық дереккөзден

Беларусь президенті Александр Лукашенко смартфон қолданатындарды сынға алды. Лукашенконың айтуынша, ақылды адамдар батырмалы телефондарға әлдеқашан ауысып кеткен, деп хабарлайды Politic РИА Новостиге сілтеме жасап. 

«Мен 12-смартфондар мен iPhone-дар туралы айтып отырған жоқпын. Қалауыңызша қолдана беріңіз. Әр минут сайын сіздің қайда жүргеніңізді, не істеп, не іздеп отырғаныңызды америкалықтар біліп отырады. Егер менің осы айтқанымды «естімесеңіз», сатып алыңыз да қолдана беріңіз», - деді Лукашенко бүкіл белоруссиялық халық жиналысында.

Лукашенконың айтуынша, «ақылды адамдар» батырмалы телефондарына әлдеқашан көшіп алған. 

Айта кетейік, бұған дейін Лукашенко өзінің тек батырмасы бар телефон қолданатынын мойындаған. 

«Мен тіпті, телефонды қолыма ұстап жүрмеймін. Егер маған бірнәрсе керек болса, мен баламнан сұраймын. Ал күнделікті жаңалықтарды баспасөз хатшысы күнде таңертең дайындайды. Сіздер қолданатын телефон менде жоқ», - деді ол ресейлік журналист Наиле Аскер-Задеге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпанда Лукашенко өз шарттары орындалса ғана биліктен кететінін айтты. Беларусь президентінің басты талабы - елде бейбітшілік пен тәртіпті орнату, наразылықтардың болмауы және заң аясында өз пікірін білдіру.

«Бұл – басты шарт. Екінші шарт: егер билікке «олар» келмейтін болса және келетіндердің көзқарастары басқаша болса және біз қазіргі президенттің жақтастарының бірде-біреуінің басынан бір тал шашы түспейтін уәде алсақ қана, мен биліктен кетемін», - деді ол.