Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«ГОК ісінің» артында кім тұр?

Танымал адвокат Макиш Есқараев Adal Adam YouTube-арнасына берген сұхбатында “ГОК ісі” (горно-обогатительный комбинат - тау-кен комбинаты) бойынша қамауға алынған Виктор Долгалевқа қатысты айыптар негізсіз екенін мәлімдеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі “Тиолайн” компаниясының тең иелерінің бірі Виктор Долгалевқа жер қойнауын өз бетінше, заңсыз пайдаланған, бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерден жалтарды деген кінә артты. Алайда оның адвокаты Макиш Есқараев тағылған айыптарды жоққа шығаратын айғақтар жеткілікті екенін жеткізді.

«2005 жылы «Тиолайн» ЖШС деген компания құрылады, сол компанияның 44%-ы - Долгалевтікі. 2006 жылы “Обуховское месторождение” дейді, сол жерден титан-цирконый кендерін алу үшін құзырлы органмен келісімшарт жасалған. 2006 жыл бітпей жатып, Долгалевтің үлесін серіктестіктері, яғни ресейлік инвесторлар, олигархтар 20%-ға түсіреді. Ал 2007 жылы 0,049%-ға түсіреді де, Санкт-Петербургтың соты компанияда Долгалевтің үлесі жоқ деп шешіп шығарып, мүлде ығыстырып тастайды. Долгалев 2007 жылдан 2016 жылға дейін соттасып жүріп, 20% үлесін қайтадан қалпына келтіреді. Сөйтіп «Тиолайнның» қайтадан құрылтайшыларының бірі болады”, - деді ол.

Адвокаттың айтуынша, Обухов – әлемдегі бірегей кен орны. Онда титан-цирконий өндіріледі. Долгалевқа көз алартып отырғандардың себебі осында жатыр және олар компанияның жұмысын жүйелі, сапалы жүргізе алмаған. 

“Ресейлік “күшті” инвесторлар “арқасында” 2017 жылы “Тиолайнның” бюджет алдындағы қарызы 46 млн болды. Бүгінде ол қарыздан Долгалев құтылды. Ол кезде 35-ақ адам жұмыс істейтін, бүгінде 352 адам жұмыс істейді. Жалақы бойынша жұмысшыларының алдындағы қарызы 29 млн болатын, бүгінгі таңда бір тиын қарыз емес. Ол кезде орта жалақысы 82 мың теңге болатын, қазіргі таңда 615 мың теңге. Осы жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында болып жатыр. Өндірістің қуаттылығы 40 есе артқан. Контцентрат шығару 200 тоннадан 3,5 мың тоннаға өскен. Долгалевқа дейін 2011-2016 жылдары бюджетке 130 млн-нан аса төленген. Ал 2017 жылдан бастап, бүгінге дейін 2 млрд-тан астам қаржы төленеді. Айырмашылық 28 есе. Долгалев 2017 жылдан бері осындай көрсеткіштер көрсетіп жатқан кезде біздің құзырлы органдар “Тиолайнмен” контрактіні бұзады. Өндіріс қуаты артты, салық төлеп отыр, жұмыс орнын көбейтті, жалақыны көтеріп, тұрақты беріп отыр. Сонда да компанияны тартып алғысы келеді. Неге? Не үшін? 2021 жылдан бастап Долгалев құзырлы органмен соттасып, арбитражда жеңіп шығады. Мәселе пайдалы қазбаларға қатысты болғандықтан оны сотта қарау керек деді, Жоғарғы сот 2023 жылы арбитраждық соттың ғана шешімін заңсыз деп таниды», - дейді адвокат.

Макиш Ескараевтың айтуынша, Виктор Долгалев Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында қазақ тілі курсын ашқан. Мемлекеттік тілді үйренген жұмысшыларының жалақысын 20 пайызға көтеру туралы шешім шығарған. Сондай-ақ бірінші сәбиі дүниеге келсе, 1,5 млн теңге беретін, екінші балаға 3 млн тг, төртінші бала туғанда 4 млн тг беретін бағдарлама қабылдаған. 

“Енді компаниядағы 500 адам жұмыссыз қалайын деп тұр. Осындай жақсы жұмыс істеп жатқан адамды қараптан-қарап аяқтан шалып, қамап тастайды. Мұның артында әлдебір олигархтар тұр, заказ берген деп есептеймін”, - деді ол.