Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Түркияға іссапармен барған қазақстандық ұшқыш қаза тапты

Ол Измир қаласына орман өртін сөндіру үшін барған

Түркияға іссапармен барған қазақстандық ұшқыш қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Измирде қазақстандық «Бурундайавиа» АҚ компаниясының ұшқышы кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Марқұмды Одессаға жеткізу шығыны қазақстандық сақтандыру компаниясының есебінен жүзге асырылған. Бұл туралы «Евразия» СК» АҚ сақтандыру төлемдерін бақылау департаментінің директоры Юрий Славкин хабарлады.

«Қазан айында GVA сервистік компаниясынан сақтандырылған пилотты Одесса (Украина) қаласына 1,8 миллион теңге көлемінде елге жеткізуге құжаттар қабылданды. Төлемді сақтандыру компаниясы жүзеге асырды», – деп хабарлады.

Ұшқыш Түркияның Измир қаласына орман өртін сөндіру үшін іссапармен барған. Алайда, қонақүй бөлмесінде жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Оның шетелге шығатын азаматтар үшін сақтандыру полисі бар болып шықты.