Срочная новость Строгий выговор объявлен акиму Уральска
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

ШҚО-да санитарлық бекеттер саны артты

Соңғы тәулікте облыста 250 адамнан коронавирус анықталды 

ШҚО-да санитарлық бекеттер саны артты
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да санитарлық бекеттер саны артты. Соңғы тәулікте облыста 250 адамнан коронавирус анықталды. 

1 қарашада 13 бекет болған еді. Олардың жетеуі Өскеменде, ал қалғандары өзге облыстармен және көршілес елдермен шекаралас аймақтарға қойылған. Енді бұл қатарға Риддер қаласы мен Алтай ауданындағы Серебрянск шаһары және жаңа Бұқтырма кенті қосылды. Өйткені аталған елдімекендерде вирус жұқтыру көрсеткіші күн санап артып келеді.

Қазіргі таңда облыста 674 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның 49-ы ауыр халде, 4-еуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.