Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Тоқаев Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен сөйлесті

Садыр Жапаров қиын кезеңде Қырғызстанға қолдау көрсеткені үшін қазақ халқына алғыс білдірді

Тоқаев Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы, премьер-министрі Садыр Жапаровпен сөйлесті. Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болған.

Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан ары нығайтуға уағдаласып, екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу барысында Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасымен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдете беруге бейілді екенін атап өтті.

«Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді», – деді Қазақстан Президенті.