Коронавирус пневмониясынан тағы екі адам көз жұмды

19.12.2020, 06:41

1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониядан 470 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 19 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады, деп хабарлайды Politic.kz.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 86 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар - 44 360, 470 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 122 жетті.