Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Қытайда активтерді басқару жөніндегі компания басшысы өлім жазасына кесілді
Ол жемқорлық әрекеті және қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін айыпталды
Қытай билігі партия комитетінің бұрынғы хатшысы мен ҚХР-дағы ең ірі активтерді басқару компаниясы China Huarong Asset Management Co. Ltd -ның басқарма төрағасы Лай Сяоминьді өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Politic Global Times-қа сілтеме жасап.
Қытайдың Тяньцзинь қаласының соты компанияның бұрынғы басшысын сыбайлас жемқорлық, парақорлық және екіжүзділік бойынша өлім жазасына кесті, деп хабарлайды басылым.
2018 жылдың күзінде Лай Сяоминь партиялық тәртіп пен заңнаманы бұзғаны үшін партиядан шығарылды. Тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссияның тергеуі барысында Лай Сяоминьнің саяси тәртіп пен ережелерді қатты бұзғаны анықталды.
Саясаткер қызметтік саты бойынша жекелеген тұлғалардың орынсыз жаңа қызметтерге ие болуына ықпал еткен. Инспекция жүргізуі тиіс тексерулерді болдыртпаған. Қымбат сыйлықтарды, соның ішінде үлкен мөлшерде ақша алған. Қымбат мейрамханалар мен клубтарда банкеттерді заңсыз ұйымдастырған. Қызметтік жағдайын жеке мүддесі үшін пайдаланған. Ол сондай-ақ қоғамдық мүлікті иемденді деп айыпталды.
China Huarong 1997 жылы басталған азиялық қаржы дағдарысына жауап ретінде Қытай Үкіметі 1999 жылы құрған төрт активтерді басқару компанияларының бірі болды. Қазіргі уақытта China Huarong – активтерінің көлемі бойынша Қытайдағы ең ірі компания.
Лай Сяоминь 1962 жылы туған, өзінің кәсіби мансабын 1983 жылы Қытай Халық банкінің құрылымында бастады және 2003 жылға дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылы банк қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік комитетке қызметке ауысты. 2009 жылдың қаңтарынан бастап China Huarong компаниясында жұмыс істеп келді.