Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Марк Цукерберг Дональд Трамптың Facebook-ті пайдалануына тыйым салды
Бұған дейін Twitter әкімшілігі де Ақ үй басшысының парақшасын бұғаттаған
Вашингтондағы тәртіпсіздіктер аясында АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампқа Facebook пен Instagram-да жазба жариялауға компания тарапынан тыйым салынды. Бұл туралы Politic ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг жариялаған мәлімдемеде Трампқа жазба жасауға рұқсат беру «тым қауіпті» деп жазылған.
«Instagram және Facebook аккаунттарына қатысты бұғаттау белгісіз мерзімге енгізілді, өкілеттікті бейбіт жолмен беру аяқталғанға дейін кем дегенде екі аптаға ұзартамыз», - деп толықтырды Facebook басшысы.
Цукербергтің айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде болған оқиғалар Трамптың «сайланған президент Байденге биліктің бейбіт және заңды берілуіне кедергі жасау үшін қалған уақытты теріс пайдалануға деген ниетін көрсетеді».
Айта кетейік, Twitter әкімшілігі сәрсенбіде Трампты тәртіп бұзушылықтарға байланысты әлеуметтік желіде кем дегенде 12 сағат жазу мүмкіндігінен айырды.
Байден инаугурациясы 20 қаңтарға белгіленген.