Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Атырау облысында үш күнде 2 суицид дерегі тіркелді
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Атырау облысы, Құлсары қаласында көппәтерлі үйдің төбесінен 16 жасар жасөспірім секіріп кетті. Ол жедел жәрдем келген кезде тірі болған, алайда ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болды. Бұл туралы Politic тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау агроколледжінің 1-курс студенті не себепті өзіне қол жұмсағаны әзірге белгісіз. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, 7 қаңтарда Индер ауданының Елтай ауылында 39 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсады. Ол үйінің ауласындағы жіпке асылып қайтыс болған. Оның артында балалары мен күйеуі қалды.
Сегодня на Politic: