Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Халықтың әрбір проблемасы назардан тыс қалған жоқ, оларды шешуіміз керек – Nur Otan өкілі
Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған
2021 жыл қазақстандықтар үшін маңызды жаңалық – Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауымен басталғалы тұр. 10 қаңтарға белгіленген саяси науқанға еліміздің 5 партиясы қатысады. Күні кеше олардың бәрі сайлауалды штабын ресми ашқанын мәлімдесе, бүгін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді қызу бастап кетті.
Осы ретте Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына ерекше тоқталғанды жөн санадық. Өйткені, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек биыл ел облыстарын түгел аралап, әр облысқа арналған сайлауалды бағдарламасын түзіп шықты. Бағдарламаның ерекшелігі сол, онда халықтың мұң-мұқтажы, талап-арызы түгел қамтылған. Яғни, проблеманы шешудің нақты жолдары қарастырылған.
Осы орай біз Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жоспарланған жұмыстар жайын білу үшін аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаевтың пікірін білдік.
– Қуат Сұлтанұлы, сайлауға дейін Nur Otan партияішілік іріктеу – праймериз өткізіп алды. Ауданда бұл саяси дода қалай өтті?
– Негізінен, партияның сайлауға дайындық жұмыстары екі-үш жылдан жалғасып келеді. Аудандағы партия мүшелерінің ішінен белсенді азаматтар мен жастар, түрлі саладағы қызметкерлерден 64 адам кадрлық резервке енгізілді. Ішкілік сайлау кезінде кадрлық резерв мүшелері өзін-өзі ұсынған азаматтарымызбен қатар тіркеліп, праймеризге қатысушылар саны 99 адамды құрады. Тіркелген азаматтар Парламент мәжілісіне, облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Партия мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде қатысқан 90 кандидаттың 11-і облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелді. Праймериз нәтижесінде пратияластарының көп дауысын жинаған 50 кандидат аудандық мәслихатқа үміткер ретінде аудандық сайлау комиссиясында тіркеліп, құжаттары рәсімделді.
– Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына дайындықтарыңыз қалай?
– Иә, кешкі 18:01-де бір айға созылатын үгіт-насихат жұмыстары басталды. «Nur Otan» партиясының аудандық сайлау штабы болып аудандық партия филиалының ғимараты бекітілді. Штабқа 15 адам мүшелікке қабыланып, өзім төрағалық етемін. Зейнеткерлерден, жастардан құралған 7 штаб мүшелеріне ақы төленеді. Одан бөлек жоғарыда аталған үміткерлердің 333 сенімді өкілі орталық сайлау комиссиясына тіркеліп, растайтын куәліктері тапсырылды. Алдағы уақытта әрі сенімді өкіл әрі сайлау күні сайлау учаскелерінде партия атынан бақылаушы ретінде қатысатын болады.
– Қоғамдық орындардағы үгіт-насихат жұмыстарымен кімдер айналысады?
– Сайлауға дайындық кезінде адамдар көп шоғырланатын қоғамдық жерлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аса маңызды. Алайда, қазіргідей қатерлі дерт өршіп тұрған уақытта бұл жұмыстарды атқару асқан жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан бұл мақсатқа «Jas Otan» жастар қанатынан 221 волонтер тартылды.
– Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныспыз. Бұл аудандық деңгейде қалай жүзеге асырылады?
– Ауданның экономикалық даму жоспарының негізінде партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы қабылданған. Онда тұрғындардың барлық проблемасы қамтылды десем артық айтпаймын. Жалпы, 7 бағытты қамтып отырмыз. Солардың біріншісі – жұмыссыздықпен күрес. Өздеріңіз білесіз, коронавирус пандемиясы бизнесті үлкен шығынға ұшыратты, қаншама адам жұмыссыз қалды. Біздің бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі – жұмыссыз адамдарға жұмыс тауып беру.
«Covid-19» пандемиясы жағдайында өнеркәсіптік және аграрлық секторлардың тұрақты жұмысының арқасында өңірде экономиканың шығындары мен жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығуына жол берілмеді. Келешекте өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады.
Бұл 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға (жыл сайын орта есеппен 500-ге жуық) және орташа жалақыны 150 мыңнан 175 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Біздің ауданда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін суармалы жерлерді ретке келтіруіміз керек. Ол үшін иесіз қалған арық жүйелерін мемлекеттің теңгеріміне өткізіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Суды рәсуә етпеуіміз керек, оны тек қажеттілікке жұмсаудың тетіктері қарастырылады және жүзеге асады. Бұл шаруаларға да ұтымды болмақ.
– Пандемия бизнеске үлкен зауалын тигізді деп айттыңыз. Аудандағы кәсіпкерлердің жағдайы қалай боп жатыр, оларға қандай көмек көрсетесіздер?
– Өкінішке қарай, пандемия салдарынан ауданда 994 ШОБ субъектісі жұмысын тоқтатты, салдарынан 7 187 адам жұмыссыз қалды. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану мен «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық арқылы жаңа субъектілер құру үшін жағдай жасайтын болады.
– Тағы қандай басым бағыттарды айта аласыз?
– Автомобиль жолдарының сапасын арттыру көзделген. 2025 жылға дейін сапасы қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесін 70-тен 74 пайызға дейін жеткіземіз. Алдағы бес жылда ауылішілік автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту үшін партия 11 ауылда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізетін болады.
Сондай-ақ, ауыз су мәселесі назардан тыс қалмайды. Бүгінде аудандағы 72 ауыл орталық су жүйесімен қамтылған, 7 ауылда жергілікті сумен жабдықтау көздері орнатылған. Nur Otan партиясы сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр. 2025 жылға қарай тұрғындарды ауызсумен қамтуды 95 пайызға дейін арттыру көзделуде. Нәтижесінде тұрғындардың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі 285 мың адамды құрайды.
Медицина сапасын жақсарту бойынша да оң өзгерістер болады. Партия медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықтармен 100 пайызға дейін қамтамасыз етуді, облыстық онкологиялық диспансер және аудандық аурухана базасында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулермен халықты қамту деңгейін ұлғайтуды, онкологиялық науқастарды стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді, КВИ-мен сырқаттану деңгейін төмендету және барлық науқастарды, әсіресе ,ауылдарда сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтуды жоспарлауда.
Сонымен қатар, 14 нысанның құрылысы қолға алынады және кадр мәселесі шешіледі. Бұл шаралар жалпы өлім-жітімді 1000 адамға шаққанда 6,25-тен 5,96 жағдайға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Ауданда 101 балабақша, 79 жалпы білім беретін мектеп және 8 колледж жұмыс істейді. Жоғары демографиялық белсенділік пен көші-қон ағымының нәтижесінде оқушылар контингенті жыл сайын 5-6 мың балаға ұлғаюда. Қазіргі уақытта ауданда 4 үш ауысымды мектеп жұмыс істейді. 19 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан. Сондықтан білім беруде, білім сапасын арттыруға, жаңа мектеп салу арқылы үш ауысымды мектептерді жоюға және білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.
– Әңгімеңізге рахмет.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді