Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Ақмола облысы Ақкөл ауданында «Nur Otan» өкілдері сайлаушылармен кездесті
Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған
10 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық өңірінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталған болатын. Ақмола облысы Ақкөл ауданында «Nur Otan» партиясының өкілдері – аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер жергілікті тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды.
Кездесуге денсаулық сақтау және білім беру саласының жұмыскерлері мен «Қамқор» МСУ директоры, П.Исакова атындағы № 1 Ақкөл орта мектебінің директоры, партия өкілдері Нұрбол Зулкарнаев пен Әсел Садыкова қатысты.
Үміткерлер кездесудің қатысушыларына 7 негізгі приоритеттерге негізделген және оның басты мақсаты – Ақкөл ауданы тұрғындарының әл – ауқаты мен өмір сүру сапасын үнемі жақсарту үшін қолайлы жағдай жасалған Ақкөл ауданы «Nur Otan» партиясының сйлауалды бағдарламасымен таныстырды.
«Nur Otan» партиясына дауыс бере отырып, тұрғындар ертеңгі күнге сенімділікті, қауіпсіздікті және жайлы өмірді таңдайды», - деді партия өкілдері сайлаушыларға.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Ақкөл ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді