«Басымдық – халықтың игілігі»: Зерендіде Nur Otan өкілі халықпен кездесті

20.12.2020, 19:20

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр

Ақмола облысынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мәди Елубаев Зеренді селосында жергілікті тұрғындармен кездесіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Аталған құжат аудан және облыс деңгейінде халықтың проблемаларын шешуге бағытталған.

Жергілікті халықпен болған жиында ауданның проблемалары да, атқарылған жұмыстар да айтылды. Тұрғындарды электр энергиясы, ьұрғын үй, бағаның қалыптасуы, пандемия кезіндегі көмек сынды мәселелер көбірек алаңдатады екен. Кандидат Парламентке депутат болған жағдайда әріптестерімен бірге аталған проблеманың бәрін шешетінін айтты.

«Nur Otan партиясы, еліміздің басты саяси күші ретінде ел халқының бірлігін нығайтуды, еліміздің дамып, өркендеуін, әр қазақстандықтың әл-ауқатын көтеру жұмыстарын жалғастыратын болады», - деген М.Елубаев, тыңдаушыларға алдымызға қойған міндеттемелерді орындап, сенімі ақтаймыз деп уәде берді.

Тұрғындар да партиялықтар тарапынан ел игілігі үшін біраз істің атқарылғанын айтты.

«Биыл бізде жаңа су құбырлары тартылып, әр үйге су берілгеніне қуанышымызды жасыра алмаймыз, өйткені ұзақ жылғы сумен қамту мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды. Су мұнарасының және бірнеше километрлі сумен қамту жүйесінің қолданысқа енгізілуімен қатар, көше жолдары жөнделіп, жаңа асфальтты жабындылар жасалды. Біз селолықтарға жасалған нақты қамқорлықты көрудеміз, алдағы кезеңде мұнан да көлемді игі істердің атқарылатынына сенімдіміз», - дейді Зеренді селосының халқы.

Мәди Елубаев халықты алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдауға шақырды. Ол Nur Otan-ды нақты істер партиясы деп айта келе, жоғарыда аталған проблеманың бәрін алдағы санаулы жылда шешетінін мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Зеренді ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді