Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«Nur Otan»: Кентауға газ тартылып, халық түгел таза сумен қамтылады

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Nur Otan»: Кентауға газ тартылып, халық түгел таза сумен қамтылады

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Сағынбек Асылбеков, Талғат Балабиев, Асылбек Утебаев, Нұрлан Байкенжеев, Дина Бексурзаева, Азиз Азимов Оранғай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауылдық клубта өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

«Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2022-2024 жылдары 4 шағын елдімекенде локалды су жүйелерін шешуге, ауылдық округтердегі елдімекендерді 2021 жылы толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, елді мекендерді 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Нәтижесінде Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл округтері толық, 100% таза ауыз сумен қамтылады», - деді Сағынбек Асылбеков.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

«Газдандыру жобасына байланысты Кентау қаласы бойынша 2 кезең, яғни Хантағы және Үшқайық ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталған. 2025 жылға дейін Хантағы, Үшқайық, Қарнақ, Байылдыр, Жүйнек, Шаға, Оранғай, Қарашық, Ибата, Ойық, Шоқтас елді мекендері табиғи газбен қамтылады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы  жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға ықпал етеді», - деді Талғат Балабиев.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесі 65,9%-ға, ал қала бойынша 100,0%-ға жетеді.

Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қолдайды. Қалада 5000-ға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр.

2025 жылы бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 22,8-ден 23,7 шаршы метрге дейін жеткізілмек.

Кездесуде үміткерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын жазып алды. Сондай – ақ, әрбір үйді аралап, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.