Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Nur Otan: 2025 жылға дейін Ақсу ауданында ШОБ субъектілерінің санын 3627-ге жеткіземіз

Аудан тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Nur Otan: 2025 жылға дейін Ақсу ауданында ШОБ субъектілерінің санын 3627-ге жеткіземіз

Алматы облысында «Ақсу» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен Ақсу аудандық мәслихат депуттатығына үміткер Б.Сүлейменов, К.Даулетбекова кездесіп, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп өтті.

«Партия барлығы үшін ашық. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз», - деді кандидаттар.

Олар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартып, жағдай жасау үшін «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындайтынын жеткізді. Олар – экономикалық тұрақты аудан, қолайлы аудан, әлеуметтік-бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, тарихы мен мәдениеті бай өңір, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан.

Бұл шаралар нәтижесінде 3451 жұмыс орны құрылатыны, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауылшаруашылық саласына барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік беретіні, 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 3627 бірлікке дейін жұмыспен қамтылғандар санын 6 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні, орталықтандырылған сумен 9971 адам қамтылатыны, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 72,8%-тен 86,5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, 41мың тұрғынды қамтитыны, Жансүгіров ауылының 6000-нан астам адам орталықтандырылған жылумен қамтылатыны тағы басқа қол жеткізетін мүмкіндіктер туралы түсіндірді.

Жиын соңында қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ақсу ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді.