Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Іле ауданында нұротандықтар тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді
Ол негізгі жеті бағыттан тұрады
Алматы облысы Іле аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Иманбеков, В.Саютин, Т.Омаров Боралдай ауылдық округінің тұрғындарымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндіріп, алдағы 5 жылда атқарылатын ауқымды шараларға тоқталды. Олар:
- Экономикалық тұрақты аудан.
- Қолайлы аудан.
- Әлеуметтік-бағдарланған аудан.
- Жастарға арналған аудан.
- Тарихы мен мәдениеті бай аудан.
- Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
- Қауіпсіз аймақ
«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Шара барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға орай түсініктеме беріліп, еліміздің болашақ дамуы үшін, әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалып, көмек алу үшін 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді.