Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Мексика президенті COVID-19 вирусын жұқтырды

Елде бүгінге дейін 1,7 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталды

Мексика президенті COVID-19 вирусын жұқтырды

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор COVID-19 вирусын жұқтырды. Оның жексенбі күні тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Ол өзінің емделіп жатқаны туралы Twitter парақшасында айтты, деп хабарлайды Politic АР агенттігіне сілтеме жасап.

«Өкінішке орай, сіздерге COVID-19 жұқтырғанымды хабарлаймын. Ауру жеңіл өтуде, қазір емделіп жатырмын. Әдеттегідей, жақсы көңіл-күйдемін», - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық жағдай жөніндегі бас директоры Хосе Луис Аломия Зегарра ед президентінің «үйде оқшауланғанын» айтты.

Мексикада осы уақытқа дейін 1,7 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. 150 мыңға жуық өлім жағдайы тіркелді.