Срочная новость Больше половины казахстанцев имеют плохую кредитную историю
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Астанада «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті

Партия өкілдері Президенттік сайлауды, қаладағы мектеп тапшылығын жою мәселелерін талқылады

Астанада «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін Астана қаласы мәслихатының залында «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті деп хабарлайды Politic.kz.

Жиынға Астана қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Азамат Айтхожин, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жылжымайын мүлік» МКК директоры Александр Николаевич, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің директоры Рүстем Айменов және елордамыздың басқарма басшылары қатысты.

Отырыс мәслихат депутаттарының Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі науқанына қатысуы туралы талқылауымен басталды.

«Баршаңызға белгілі, биыл 6 қазанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтті. Алдағы президенттік сайлауға Халықтық коалициядан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылған съезд еліміздің саяси жаңғыруындағы маңыздылығы жағынан тарихи болып есептеледі. Съезге еліміздің әр өңірінен 1200 делегат қатысты. Сонымен қатар, съезде партияның Жаңа саяси тұғырнамасы қабылданды. Бұл партияны қайта құрудың жаңа кезеңін білдіреді», - деді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов.  

Кездесу күн тәртібіндегі екінші сұрақ – 2022 жылы Астана қаласында мектептерді салу туралы мәселесімен жалғасты. 

Астана қаласының Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Қожахметовтің бүгінгі жиналыста берген ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы екі ауысымда 22 400 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде биыл екі ауысымда 17 600 орындық 7 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында. Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің кезекті отырысында оқушылардың білім алуы үшін қажетті жағдай жасау мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өткен болатын.

«AMANAT» партиясы мектеп құрылысының мәселелесіне айрықша көңіл бөледі. Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында 2025 жылға дейін 60 мың оқушыға арналған 50 мектеп салынады деп жоспарлануда. Биыл бір ауысымда 11 950 орындық 11 мектепті тапсыру жоспарланды. Оның 2-і жаңа оқу жылы қарсаңында ашылса, 9-ы биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезінің өткізілу барысы бойынша талқылау болды.

Фракцияның бүгінгі отырысының қорытындысы бойынша барлық сұрақтар мен ұсыныстар бақылауға алынатыны жеткізілді.