Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Amanat партиясы Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздерін дәріптеуде

Биыл Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы

Amanat партиясы Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздерін дәріптеуде

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы деп хабарлайды Politic.

Әрбір ұлттың қалыптасуында ұлттық құндылықтың алар орны ерекше. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы зор.

Ұлттық мәдениетімізді, өнерімізді және дәстүрімізді дәріптеу арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарымызды дамыту мақсатында «Ұлттық мұра» «AMANAT» партиялық жобасы іске асырылған болатын.

«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» деп айтылуы да тегін емес. Кез келген мемлекеттің өркендеуі – сол қоғамның рухани-мәдени деңгейіне байланысты. Біз әлемдегі 200-ге тарта ұлтты тек ұлттық мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, руханиятымызбен ғана таңқалдыра аламыз.

Өздеріңізге мәлім, «AMANAT» партиясы 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасында мәдени құндылықтарымыздың сақталуы мен өркендеуін ұдайы қолдайтындығы және ол – қоғамымыздың құнды қазынасы деп көрсетілді.

Айта кетсек, қыркүйек айында «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Сәкен Сейфуллиннің құнды заттары музейге табысталған еді. Сондай-ақ, бұл іс-шарадан бөлек республикалық деңгейдегі шығармашылық байқауы, өлкетану экспедициясы мен ақындар айтысы сынды түрлі мәдени-әдеби шаралар өткізіліп отырады.

Осындай ұлттық мұрамызды дәріптеуге негізделген жобалар аясында ұлт ұстазы, белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай, ақынның нақыл сөздер топтамасын назарларыңызға ұсынсақ дейміз!