Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған ақын «AMANAT» партиясының атынан сайлауға түседі

Ол «AMANAT» партиясының жұмысы соңғы бір жылда ерекше өзгергенін айтты

«Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған ақын «AMANAT» партиясының атынан сайлауға түседі

Белгілі ақын, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы, «AMANAT» партиясының мүшесі Алмас Ахметбекұлы тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болса қандай міндеттермен айналысуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Елге оралған беттен бастап қаламгер, позициясы бар азамат ретінде алыстан келген ағайынның құқықтары мен мүдделерін қорғауда біраз жұмыс істедік. Қоғамдық ұйымдардан біраз азамат бірігіп те, жекелей де жұмыс істеп жатыр. Осындай қарадай қасқыр соғып жүрген адамның қолына мандат берсе, біраз жұмысты бітіруі мүмкін.

Мемлекеттің амандығы мен оның гүлденуіне, ұрпағының болашағы мен өзінің өміріне мүдделі адамдарды топтастыруы керек. Сонда ғана біртұтас мемлекетке айналамыз. Ал ондай мүдделі азаматтардың біразы сыртта жүр. Біз соларды оралтуымыз керек. Өзіміздің ұлттық құрамымызды байытуымыз керек. Оның рухани дүниесін көтеруіміз қажет. Міне осының бәрін біріктіру үшін алыстағы ағайынның тәуелсіз топыраққа топтаса түсуі маңызды. Менің басты бағыттарымның бірі осы болмақ», - деді өз сөзінде.

Сөзін жалғай отырып, «AMANAT» партиясының жұмысы соңғы бір жылда ерекше өзгергенін қозғады.

«Алыстан келген, тәуелсіздікпен бірге отанымызға оралған ағайынның белгілі бір деңгейдегі лидері ретінде шақырту алғанмын. Мен әсіресе соңғы бір жылдың ішінде партиядағы өзгерістердің жылдам кетіп бара жатқанын, кез келген мемлекетшіл азамат елдегі ең күшті саяси құрылымда қызмет етуге ынталы болатынын айттым. Ол жағынан өзімнің ораторлығым, журналист ретіндегі тәжірибем бар. Екі мемлекеттің саяси реформалары мен өзгерістерін көрген тәжірибем де бар», - деді Алмас Ахметбекұлы.