Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Геннадий Головкин қарсыласы Камил Шереметаны нокаутпен жеңді
Ол чемпиондық белбеуін 21-мәрте қорғап қалды
IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Politic.kz.
1 және 2-раундта-ақ Геннадийдің ауыр соққысынан Камил нокдаун алып қалды. Төртінші және жетінші раундтарда Польша боксшысы ауыр соққы алып, төреші есеп ашты. Ал 8-раунд басталар алдында Камил Шереметаның бапкерлері боксшысын шаршы алаңға шығарудан бас тартты.
Сегодня на Politic: