Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Талдықорғанда мәслихат депутаттығына үміткер тұрғындардың үйлерін аралады

Ол Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Талдықорғанда мәслихат депутаттығына үміткер тұрғындардың үйлерін аралады

«Есіктен есікке» акциясы аясында Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Алишер Манликов қала тұрғындарымен жүздесті.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтары, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар жөнінде мәлімет берді.

«Біздің партия Талдықорған қаласы тұрғындарының үмітін қанағаттандыру, халықтың барлық топтарының мүдделерін ескеру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біздің бағдарламамыз Талдықорған қаласын дамытуға бағытталған. Біз қаламызды өмір сүру үшін қолайлы аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз. Мұндағы әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі, жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын бірге құрамыз», - деді А.Манликов.

Ол елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты көрсетілген әлеуметтік көмектер жөнінде айтып өтті. Атап өтер болсақ, мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42 мың 500 теңгеден төленді, халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 32 мыңнан астам адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 5011 адамның коммуналдық шығындары өтелді. Сонымен қатар, Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілері 10 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізіп, 9 912 адам 50 000 теңгеден алды.

Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдауға ие болды. Үміткер алдағы саяси науқанда халықты белсенді болуға шақырып, оң таңдау жасайтындарына сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы филиалының сайлау қорынан төленеді.