Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Шу ауданында «Nur Otan» үміткерлері спорт саласының өкілдерімен кездесті

Өңірде үгіт-нсихат жұмыстары жүргізілуде

Шу ауданында «Nur Otan» үміткерлері спорт саласының өкілдерімен кездесті

Шу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер ауданындағы спорт саласының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Дәлірек айтсақ, үміткер Серік Каликов пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болатхан Ниязбеков спорт мектептерінің өкілдерімен тілдесіп, аталмыш саладағы мәселелерді жан-жақты талқылады.

Кездесу барысында Б.Ниязбеков спорт саласы аудандағы басым бағыттардың бірегейі екенін тілге тиек етті.

«Ағымдағы жылдың өзінде аудан бойынша 8 спорт алаңшасы салынып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ, аудан әкімдігіне қарасты дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық басқармаға тағы да 4 спорт нысанының жобалық-сметалық құжаттарын өткізді. Бұл жоба мақұлданған жағдайда келесі жылы құрылысы басталатын болады. «Nur Otan» партиясының Шу аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жыдың ішінде аудандағы Қонаев, Жаңа жол, Көкқайнар және Шоқпар сынды бірқатар ауылда спорт ғимараттары бой көтеруі қажет. Жоспарлы жұмыстың барлығы да кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Биылдың өзінде қомақты қаржы бөлініп, аудан орталығында спорт нысаны пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Ескі Шу ауылдық округінде ауыл азаматы Болат Сауранбаев 500 миллион теңгеден аса қаржыға зәулім спорт кешенін соғып, мемлекет меншігіне өткізді. Шу қаласындағы «Қайрат» стадионы күрделі жөндеуден өтті. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында аудандағы көптеген азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды. Дәл қазір аудан бойынша спортпен тұрақты түрде шұғылданатындар 29 пайызды құраса, бұл көрсеткіш келесі жылдан бастап артады деген сенімдемін» - деді Б.Ниязбеков.

15 адам қатысқан онлайн кездесуде «Белбасар» спорт кешенінің директоры Айдос Расилов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Серік Каликовке өңіріміздегі спортпен шұғылданатын жастардың санын арттыру үшін спорт үйірмелері мен білікті бапкерлердің санын арттыру жөніндегі ұсынысын жеткізді. Өз кезегінде үміткер бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жандана түсетіндігін айтты.

Ерғали ҚАРТАЙҒАН

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Шу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді