Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Кентауда сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары түсіндірілді

Нұротандықтар жергілікті халықпен кездесті

Кентауда сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары түсіндірілді

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Мейрамбек Күнпейсов, Бақыт Стамкулов, Роза Аяпбергенова, Арман Шалданбаев, Арай Сауранбекова, Ақерке Әбдіқадыр Шорнақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдық клубта өткен жиында үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Тұрғындарды мазалайтын мәселелер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы қаланы дамытудың 7 басым бағытының негізі етіп айқындалған. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау», – деді Мейрамбек Күнпейсов.

Үмкіткерлер «Есіктен есікке» акциясына қатысты. Сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны насихаттады.

«Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен, өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыстар жалғасады», – деді Бақыт Стамкулов.

Мұнан соң, нұротандықтар «Барно» дүкеніне келушілермен кездесті. Онда дүкенде сауда жасаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Партия бағдарламасында кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаулар кең көлемде баяндалды.

«Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Төтенше жағдай кезінде қала аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады», – деді Роза Аяпбергенова.

Кездесулерде үміткерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.