Срочная новость Раскрыта сумма активов и денег, возвращенных в бюджет за 2 года

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Алматы облысында Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр

Алматы облысында Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті

Еліміздегі ең үлкен мереке – Тәуелсіздік күні. Осынау ұлы күнге орай, әрі Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына қолдау көрсету мақсатында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен кеше басталған мерекелік автошеру бүгін өз мәресіне жетті.

Аудан орталығы – Есік қаласынан бастау алған шеруге қатысушылар қолдарына мемлекеттік ту мен «Nur Otan» партиясының жалауын жоғары ұстап, 25 округтің орталық көшелерімен жүріп өтті. Автошеруге «Jas Otan» жастар қанаты, еріктілер мен әр салада жеткен өзіндік жетістіктері бар жастар атсалысты.

Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленді