Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
«Nur Otan» партиясы – халықтың партиясы
Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына бекітілген
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жер-жерде жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Бүгін Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Саламатов» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Раимжан Ибдиминов Ават ауылын аралап, тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында жергілікті халықты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
«Елдің болашағы қандай болатыны біздің әрқайсымызға тікелей байланысты. Өйткені бұл елді құраушы – сіз бен біз. Сондықтан сайлауда белсенділік танытып, сайлауда біздің партиямызға дауыс беріңіздер! «Nur Otan» партиясы – халықтың партиясы», – деп халықты сайлауға белсенді қатысуға шақырды.