Срочная новость Строгий выговор объявлен акиму Уральска

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Зерендіде нұротандықтар үгіт-насихат жұмыстарын канвассинг әдісі арқылы жүргізуде

Кандидаттар үйлерді аралап, халықты сайлауалды бағдарламамен таныстырып жүр

Зерендіде нұротандықтар үгіт-насихат жұмыстарын канвассинг әдісі арқылы жүргізуде

Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар электоралды науқанға қатысу барысында үгіт жұмыстарының тәжірибесі ретінде канвассингті пайдалануда. Олар өздерінің әлеуетті сайлаушыларының үйлерінде болып, әңгімелесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен, егер өкілетті органға сайланған жағдайда   өздерінің жоспарларымен таныстырады.

«Nur Otan» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Ботагөз Дүйсембекова мен Жанна Дүйсенова Зеренді және Викторовка ауылдары тұрғындарының үйлерінде болып, тұрғындармен кездесіп, олардың проблемасы мен өтінімдерін тыңдады.

Ботагөз Дүйсембекова ауданң педагогтарының өкілі, білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрайымы ретінде негізгі назарды білім беру жүйесіне, өскелең ұрпақтың білім алу мен тәрбиесіне, сәбилер мен мектеп оқушыларының жан-жақты даму мүмкіндіктеріне, олардың таланттары мен бейімдерін ашу мәселелеріне аударды.

Жанна Дүйсенова – мәдениет қызметкері. Ол өз жұмысында әр жастағы ауылдықтардың бос уақыттарын танымды тұрғыда өткізулеріне, оларды әртүрлі мәдени шараларға, шығармашылық үйірмелерге, кітапханалардың оқырмандар залына кеңінен тартуға айтарлықтай жігер жұмсауда. Назар салу   аумағында – мәдениет саласын ары қарай дамыту, жастардың проблемалары да бар.

Кандидаттар канвассинг барысында назарды «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасында Зеренді ауданында тұрғындар үшін жайлы жағдай қалыптастыру үшін қандай жұмыстар атқару қажеттігіне аударды. Атқарылар шаралар қатарында ауылдық елдімекендерде жолдар салу және жөндеу, ауыз сумен қамту, бизнестің, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығы саласының жедел қарқынмен дамуына жағдайлар жасау мәселелері бар.

«Nur Otan партиясы, бұрынғыша өзінің басты мақсаты ретінде халықтың әл-ауқатын, әр отбасының тұрақты, жайлы өмір сүруін қамтуды санап, дәл осы бағытқа бар күш-жігерін жұмсайтын болады. Ауданымыздың өркендеп, дамуына бағытталған осы жұмысты партиямен бірге жалғастырайық», - деді кандидаттар ой бөлісушілерге арнаған сөздерінде.

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.