Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Ақмола облысында Nur Otan өкілі кәсіпорын жұмысшыларына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Сондай-ақ, халықты сайлауда дұрыс шешім таңдауға шақырды

Ақмола облысында Nur Otan өкілі кәсіпорын жұмысшыларына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды

«Nur Otan» партиясынан Зеренді аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Сұлушаш Бекмағанбетова – бойына жанашырлық қасиеттерін сіңірген, белсенді өмір тұғырын ұстанған тұлға, ол тек өзі жауапты жұмыс учаскесіне ғана емес, өзі ұзақ жылдардан бері басшылық жасайтын Денсаулықтың психикалық орталығының филиалы орналасқан Күсеп селолық округінің Өркен ауылына да жанашырлық көзқарасын қалыптастырған. Даңқты медицина қызметкерлері жасағының өкілі ретінде Сұлушаш Қапесқызы өз пациенттерінің денсаулығын қалыпқа келтіру, оларға әсіресе жастарға салауатты өмір салтын сақтап, қоғамның белді мүшесі атанулары бағыттарында кең көлемді жұмыстар атқаруда.

«Неге мен депутат болуға шешім қабылдадым? Өйткені жерлестерім үшін   көптеген игі істерді атқара алатыныма, біздің округімізге, тұтастай алғанда ауданға тән проблемалы мәселелерді шеше алатыныма сенімдімін. Бірінші кезекте, олар медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, пациенттерді сауықтыруға, елдімекенді жайғастыруға, ауыл тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігі мен демалыстарына қолайлы жағдайлар жасауға қатысты. Бұл сөздерде құр уәде жоқ», - дейді кандидат.

С.Бекмағанбетова жуырда «Дихан плюс» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, оның барысында, әр тұрғынның тыныс-тіршілік деңгейін көтеруге бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тарауларына тоқтап, электораттың сұрақтарына жауаптар берді.

«Биыл біздер үшін қиындығы жетерлік кезең болды, коронавирус пандемиясы көптеген проблема әкелді. Алайда, орын алған жайсыздықтарға қарамастан «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыздандыруға, жұмыспен қамту деңгейін сақтауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бар күш-жігерлерін жұмсап, ауданымыздың мекендеу үшін қауіпсіз және жайлы болуына бар күш-жігерлерін жұмсауда. Біз осы мақсатқа жетудің нақты жолын жақсы білеміз», - деді Сұлушаш Қапесқызы өз сөзінде.

Депутаттыққа кандидат төмендегі статистиканы келтірді. Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты көрсетілген әлеуметтік көмектер: мәжбүрлі еңбек демалысындағы 3,3 мың еңбеккердің әрқайсына 42,5 мың теңге төленді; тұрғындардың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 2 мың адам жалпы сомасы 38,8 млн теңгеден асатын азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарын төлем ретінде алды; аз қамтылған 137 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек жасалды, 6 жасқа дейінгі 166 балаға кепілді әлеуметтік пакеттер ұсынылды. 2,4 мың адамның коммуналдық төлемдері өтелді.

Елбасының бастамасын «Biz birgemiz» акциясының шеңберінде, «Nur Otan» партиясының мүшелері және еріктілер жалпы сомасы 6,7 млн. теңгенің 510 азық-түлік себеттерін жеткізді. 701 адам жалпы сомасы 35 млн. теңге, әрқайсысы 50 000 теңге алды.

Дағдарыс жағдайында шағын және орта кәсіпкерлік орасан қолдауға ие болды.  30,5 млн. теңге 55 жаңа бизнес-жобаларды құруға қарастырылса, 1,5 млрд. теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларының шеңберінде бөлінген, ол жаңа 238 жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді; 49,4 млн. теңге несиелер сыйақы ставкаларын субсидиялауға, жаңа 3 бизнес-жобаны құруға қарастырылған. Бұл – қабылданған шаралар тізімінің бір бөлігі ғана.

Кандидат өз сөзінде тұрғындарға сапалы медициналық қызметтер көрсету барысына жан-жақты тоқтап, бірнеше негізгі көрсеткіштің: қан айналысы, туберкулез, ісікті аурулардың төмендегенін мақтанышпен атап өтті.

Кездесу барысында серіктестікте жұмыс істеушілер партияның сайлауалды бағдарламасына толық ниеттестіктерін, «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге дайын екенін білдіріп, осы саяси күштің, ертеңгі күнге өз артынан ерте алуға әлеуетті, уақыттың талаптары мен шақыруларына төтеп беріп, елімізді әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына шығара алатынын атап өтті. Ал сөзі мен ісінің ұштасуын, өз уәдесін орындай алатынын партия ұзақ жылдар бойы дәлелдеп келеді.

Қатысушылар «Nur Otan» партиясына дауыс бере отырып, біздің жалпы үйімізде өзара түсіністіктің, бейбітшіліктің және тұрақтылықтың сақталуы үшін дауыс береміз деген қорытынды жасады!

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Зеренді ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді