Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Nur Otan ықпалымен Шу ауданында 4 спорт кешені салынады

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

Nur Otan ықпалымен Шу ауданында 4 спорт кешені салынады

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Кокпанбаев пен Махаббат Сұлтанова және Малик Жумагулов аудан іргесіндегі Д.Қонаев атындағы ауылдың тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, «Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында дәл осы Д.Қонаев ауылына қатысты игі бастамалардың қолға алынатындығы айтылған. Дәлірек айтар болсақ, бағдарламадағы жеті басымдықтың үшінші бағытында бұқаралық спорт үшін жағдай жасалмақ. Әсіресе, ауыл-аймақтағы спортпен шұғылданатын тұрғындардың қатары артпақ. Ол үшін «Nur Otan» партиясы келесі жылы Шу қаласында стрит воркаут спорт алаңшасын, 2022 жылы Шу қаласына спортзал құрылысын, сондай-ақ, 2022 жылы Д.Қонаев ауылына спорт кешенінің құрылысын жүргізуге ықпал етуді көздеп отыр.

Аудан тұрғындары өздерін әрқашанда қауіпсіз сезінуі тиіс. Жоғарыда аталған жеті басымдықтың соңғы бағыты осы салаға арналып отыр. Мәселен, сайлауалды бағдарламада қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі артып, қылмыс деңгейін қысқартуға бағытталған іс-шараларды күшейту есебінен төмендемек. Ол үшін «Nur Otan» партиясы аудан орталығы мен Д.Қонаев ауылына және Шу қаласына кемінде 10 бейнебақылау камерасын орнатуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, көшені жарықтандыру мен жол жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен шешімін табады.

Міне, ауылға ат басын бұрған үміткерлер ауыл тұрғындарына дәл осындай жұмыстар мен сайлауалды бағдарламадағы мақсат-міндеттерді түсіндірді. Өз кезегінде ауыл ақсақалы Байдәулет Досымбаев пен көпбалалы ана Әскеркүл Мамбеткулова «Nur Otan» партиясының бағыты айқын партия екенін тілге тиек етіп, дауысты дәл осы партияға беретіндерін жеткізді. Сонымен бірге, өзге ұлт өкілі Бинали Тагиров та жергілікті тұрғындарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақыратындығын айтты.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Шу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.