Срочная новость На 2.5 млрд обманули дольщиков в Актюбинской области

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«Nur Otan»: 2025 жылға дейін Кентаудағы елдімекендер табиғи газбен қамтылады

Партиялықтар өңірде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

«Nur Otan»: 2025 жылға дейін Кентаудағы елдімекендер табиғи газбен қамтылады

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Талғат Садуов, Ерлан Арынов, Ерлан Рүстемов, Дархан Серікбаев, Диана Сидорина, Сәуле Дәлдекеева Хантағы ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдық клубта өткен жиында үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Газдандыру жобасына байланысты Кентау қаласы бойынша 2 кезеңде Хантағы және Үшқайық ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталған. 2025 жылға дейін Хантағы, Үшқайық, Қарнақ, Байылдыр, Жүйнек, Шаға, Оранғай, Қарашық, Ибата, Ойық, Шоқтас елді мекендері табиғи газбен қамтылады» – деді үміткер Талғат Нұралыұлы.

Қазіргі таңда Кентау қаласы және оған қарасты ауыл округтері бойынша 38 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 468,9 шақырымды құрайды. «Nur Otan» партиясы 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.

«Nur Otan партиясы 2022-2024 жылдары 4 шағын елді мекенде локалды су жүйелерін шешуге, ауылдық округтердегі елді мекендерді 2021 жылы толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, елді мекендерді 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Нәтижесінде Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл округтері толық, 100% таза ауыз сумен қамтылады» – деді үміткер Дархан Серікбаев.

Жол – әрбір қала өмірінің басты күретамыры.Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді шешетін болады.

«Біздің міндет – 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жалпы 96,6 шақырымдық аудандық және қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.  Нәтижесінде 2025 жылы аудандық маңызы бар және қалаішілік жолдар 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетіп, оларды күтіп ұстау жолға қойылады» – деді Ерлан Рүстемов.

Үмкіткерлер «Есіктен есікке» акциясына қатысты. Сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны насихаттады.  Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.