Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Нұротандықтар Еңбекшіқазақ ауданында салынатын әлеуметтік нысандар мен жолдар жайында айтты

Алдағы 5 жылда Nur Otan аудандағы негізгі проблеманың бәрін шешуді көздеп отыр

Нұротандықтар Еңбекшіқазақ ауданында салынатын әлеуметтік нысандар мен жолдар жайында айтты

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Nur Otan» партиясынан үміткерлер жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қайнар Жұмағожа мен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерлан Байшеков аталған бағдарламаның ауданға және облысқа қатысты тұстарын атап өтіп, оның аясында аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандар жайында сөз қозғады.

Партияның сайлауалды бағдарламасында даму басымдықтарының бірі ретінде көрсетілген «Қолайлы ауданды» құру үшін ауданда үлкен іс қолға алынбақ. Мысалы, бағдарламаға көз жүгіртсек, «Nur Otan» партиясы елдімекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын-үй коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» сынды жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі. Бүгінде ауданымызда 79 ауыл болса, оның ішінде 19-ы – жоғары даму әлеуеті бар тірек ауылдар екен. Бұл – әрине, әр ауылдың ішкі жағдайы, экономикасы, табиғаты, халқы және өзге де нақты статистикалық көрсеткіштерге негізделе отырып анықталған жағдай. Партияның алдына қойып отырған ендігі міндеті – осынау ауылдардың мүмкіндігін ескере отырып, оны пайдаға асыру. Яғни елді мекендердің өркендеп-өсуі үшін, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмысы түзелуі үшін ауылдардың әлеуетін пайдаға жарату. Қолда барды ұқсата білу – әрине, ұтымды шешім. Осы орайда партия алдағы бес жылға нақты жоспар құрып, әр мақсатқа жету жолын жан-жақты сараптап, саралап, жүйелеп қойды.

Жол сапасын жақсартуды ескерген «Nur Otan» партиясының мақсаты – 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 70 пайыздан 74 пайызға дейін жеткізу. Ауыл-ауылдың арасын жалғап жатқан жолдар мен ауылішілік автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту үшін партия бес жылдың ішінде 11 ауылда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізуді көздейді. Бағдарламада бұл 11 ауылдың аты аталып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін уақыт та белгіленіп қойған. Тізімдегі ауылдар мынандай: 2022 жылы 3 ауылда: Ащыбұлақ, Алға, Қойшыбек; 2023 жылы 6 ауылда: Өрікті, Бөлек, Қайназар, Азат, Ават; 2024 жылы Түрген ауылы; 2025 жылы 2 ауылда: Космос, Базаркелді.

Әрине, бір жолмен ауылдың барлық мәселесі шешіле қоймайды. Қолайлы аудан құру үшін жолмен қатар өзге де шаруалар баршылық. Олардың маңыздыларының бірі – ауызсу. Бүгінде ауданның 72 ауылы орталық сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 7 ауылда жергілікті сумен жабдықтау көздері орнатылған. Партия 2025 жылға қарай тұрғындарды ауызсумен қамтуды 95 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік беретін жоспар жасап қойды. Ол үшін 19 ауылда сумен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту жоспарланған. Бұл жоспар бойынша: 2021 жылы – Ұлтарақов атындағы ауыл; 2022 жылы – 5 ауылда: Қайрат, Торғайбаза, Ащыбұлақ, Қазақстан, Сазы; 2023 жылы – 5 ауылда: Тауқаратұрық, Бөлек, Әймен, Қайназар, Көктөбе; 2025жылы – 8 ауылда: Асы-саға, Бәйдібек би, Жаңашар, Космос, Байсеит, Рахат, Саймасай, Аманкелдіде су жүйесі жасалмақ.

Ал Қызыл Шарық, Қаражота, Нұра, Түрген; Малыбай, Тескенсу, Қаратұрық, Байтерек, Қарасай, Өрікті, Қырбалтабай, Ақбастау; Ташкенсаз, Бірлік;  Х.Бижанова атындағы ауылдарда сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осынау аталған жұмыстарды кездесуге келген тұрғындарға жан-жақты таныстырған кандидаттар аудандағы тұрғын үй мәселесін де көтерді. «Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық желілерін жөндеу – негізгі міндеттің бірі. Өйткені баспана мәселесі қашанда маңызды. Ал баспана мәселесімен қатар жүретін тұрғын үйді жылумен, жарықпен жабдықтау, ауызсу жүйесіне қосу сынды шаруалар да бар. Аудан тұрғындарының қолайлы тұрмысы үшін «Nur Otan» партиясы аталған мәселелермен қатар, көшелер мен аулаларды абаттандыру сияқты сұрақтардың да шешімін табады», – деген Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерлан Байшеков: «3566 көпқабатты тұрғын үйдің 1897-сі немесе 53,2 %-ы жөндеуді қажет етеді. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Есік қаласындағы канализация жүйесін қайта жаңғырту және салу; блокты-модульді қазандықтардың қондырғыларын орнату; 2025 жылға дейін 10 көппәтерлі тұрғын үйде жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу; ауылды мекенде газ тарату желілерінің құрылысын жүргізе отырып, 112 мың тұрғынның газға қол жеткізуіне жағдай жасау сынды міндеттер тұр. Бұл міндеттерге «Nur Otan» партиясымен бірге жетеміз», – деген кандидаттар тұрғындарды сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды.

Кездесу барысында тұрғындар сайлауалды бағдарламаға енген мәселелер мен олардың шешу жолдары көңілдерінен шығатынын айтып, кандидаттарға ақжол тіледі.

Әлеуметтік жағдайды жақсарту мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жерді көркейтіп, елдің тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған бағдарлама – болашақтағы оң бастамалардың негізі мен халықтың алдағы күннен күтер мол қуанышының бір көрінісі іспеттес. 10 қаңтар күні сайлауға қатысып, азаматтық белсенділік танытып, осы қуанышқа бір қадам жақындай аламыз. Өйткені сайлауда әр тұрғынның даусы маңызды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.