Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Бюджеттік сала мамандарына ерекше көңіл бөлінген: нұротандықтар Ақмола облысында халықпен кездесті
Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары түсіндірілді
Nur Otan партиясының Ақмола облысы Ақсу аудандық сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық «Қобызшы Молықбай Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінде ауданның білім беру, медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Данияр Ахмолдаев, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Абдрахманов, Ләззат Қасымбекова, Раушан Ақсубаева қатысты.
Кездесу барысында үміткерлер партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үнпарақтар таратты. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді. Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді.
Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жалпы, көптеген мәселенің шешу жолдары Ақсу аудандық «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.
Жиын соңында кандидаттар қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.