Срочная новость На 2.5 млрд обманули дольщиков в Актюбинской области

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Жуалы аудандық филиалының сайлауалды штабы ашылды

Елімізде 10 қаңтар күні Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтеді

Жуалы аудандық филиалының сайлауалды штабы ашылды

«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының сайлауалды штабы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға штаб мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Бұл еліміз үшін күрделі кезеңдегі қоғамымыздың басты біріктірушісі, мақсаты мен құндылықтары. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл –жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану», - деді өз сөзін қорытты штаб төраймы Анар Ахметова.

Штаб мүшесі Ерғали Тілеубеков Nur Otan-ды еліміздегі нақты істер партиясы екенін айтты.

«Біздің барлығымыз партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз», - деп кандидаттарды сайлау науқанында белсене атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Керімқұл Бегалиев штаб мүшелеріне белсенділік, сәттілік тілеп, сайлаушыларды дұрыс таңдау жасауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Жуалы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.